АҚШ Украинаға 460 миллион долларға тең кезекті әскери көмегін бөлді. Бұл хабарды АҚШ қорғаныс министрлігі таратты.
Жаңа көмекке мыналар кіреді:
- жаяу әскерге арналған беренді төрт Bradley;
- екі тактикалық мәшине;
- төрт радиолокация жүйесі;
- танкіге қарсы Javelin зымыран кешені мен оқ-дәрісі;
- дүркіндетіп ататын реактив HIMARS жүйесінің оқ-дәрісі;
- 155 мм калибрлі артиллерия снарядтары;
- 120 мм калибрлі миномет снаряды;
- танкіге қарсы 2000-ға жуық зымыран;
- жаяу әскерге қолданылатын Claymore минасы.
Сонымен бірге түнде көретін жабдықтар, байланыс және медицина құралдарын, техника бөлшектерін береді.
Ресей басып кіргелі АҚШ-тың Украина қарулы күштеріне берген қару-жарағының жалпы сомасы 29, 8 млрд долларға жетті.
20 ақпанда Киевке барған АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қажет қару-жарақ беріле беретінін және Ресейдің қорғаныс өнеркәсібін қолдайтын жеке тұлғалар мен компанияларға санкция салынатынатын мәлімдеген.