Ақпанның 27-сінде Ресейдің бірнеше қаласының тұрғындары Владимир Путин режиміне, оның Украинадағы соғысына ашық қарсы шығып, 2015 жылғы 27 ақпанда Мәскеуде қастандық салдарынан өлген саясаткер Борис Немцовты еске алды.
Мәскеуде осыдан сегіз жыл бұрын Немцов кісі қолынан қаза тапқан жерде халық мемориалы пайда болған. Қаланың коммуналдық қызметі гүл мен фотосуреттерді қанша рет жинап алып, белсенділерді қамаса да, мемориал қайта пайда болады. Кейінгі кездері билік бұл әрекетін доғарған.
Дүйсенбіде адамдар сол жерге тағы да гүл қойған.
"Сота" басылымыың хабарына қарағанда, полиция кейбір адамдарды тоқтатқан. Мемориалға гүл мен "Борись" деген жазуы бар плакат ұстап барған әйелді полиция алып кеткен.
"Настоящее время" хабарына қарағанда, Немцовты еске алу акциялары Қазан, Пермь, Екатеринбург, Новосибирск қалаларында да өткен.
Борис Немцовқа 2015 жылы 27 ақпанда түнде Кремль маңында қастандық жасалған. Немцовты өлтірді деген айыппен Шешенстанның бес тұрғыны сотталған. Олардың ішінде офицерлер бар. Тапсырыс беруші әлі күнге дейін анықталған жоқ. Немцовтың серіктері қастандыққа Путиннің тікелей қатысы бар дейді.