"Пойыз астымен еңбектеу". Өскемен тұрғындарының мәселесіне вокзал басшысының уақыты жоқ

Your browser doesn’t support HTML5

Өскеменде теміржол вокзалының іргесінде тұратын 40-қа жуық үйдің адамдары күн сайын вагон астынан еңбектеп өтеді. Тұрғындар жылдар бойы жаяу жүргіншіге арналған көпір салуды сұрап келеді. Ал вокзал басшысы журналиске жауап бергісі келмей, "не охота" деп кетіп қалды.