Вашингтон қысымынан кейін Түркия үкіметі АҚШ пен Еуроодақтың санкциясына ілінген тауарды 1 наурыздан бастап Ресейге тасымалдауды тоқтатты. Бұл жөнінде Түркияның жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген Bloomberg агенттігі жазды.
Агенттіктің хабарлауынша, былтыр Түркия Ресейге тауар реэкспорттаған негізгі елдердің бірі болған. Сол кезде екі ел арасындағы тауар айналымы 9 млрд долларға жеткен. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 6 млрд долларға жуықтаған.
Bloomberg дереккөздерінің бірі әуелі Түркияға импортталып, кейін Ресейге сатылған тауарға қатысты мәселе болмауға тиіс деген.
Анкара Ресейге санкцияға ілінген жүк тасымалдауды тоқтатқанын 9 наурызда логистикалық компания өкілдеріне сүйенген "Коммерсантъ-ФМ" басылымы да жазған. Басылымға сұхбат берген мамандар оны АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің жуырдағы Түркияға сапарымен байланыстырған. Оның сапары алдында сарапшылар Вашингтон Түркия мен Мәскеу арасындағы тығыз қарым-қатынасқа алаңдап отырғанын айтқан.
Bloomberg: Қазақстан санкциядағы тауарларды Ресейге тасып жатыр (6 наурыз 2023 жыл).
Your browser doesn’t support HTML5