Президентті күткен депутаттар шағым айта барғандармен кездесуге шықпады

Your browser doesn’t support HTML5

29 наурыз күні мәжілістің сегізінші шақырылымының депутаттары ант беріп, жұмысқа кірісті. Дәл осы күні үкіметті таратқан президент жаңа премьер-министрді ұсыну құзыретін "Аманат" партиясына тапсырды. Жаңа мәжілістің алғашқы сессиясы боларда парламент ғимаратына бірнеше адам шағым айтып келді.