Шығыстағы Маралды ауылының халқы алтын фабрикасын салуға қарсы

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылында алтын өндіретін фабрика салынып жатыр. Компания алтынды карьер қазып, ашық әдіспен алмақ. Тұрғындар "құрылыс кезінде жарылыс болып, үйімізге зақым келіп жатыр" дейді. Аудан әкімі бизнесті де, халықты да қолдауым керек деп, наразыларға нақты жауап бермеді.