Алматы соты белсенді Әлнұр Ілияшевті де 15 күнге қамады

Белсенді Әлнұр Ілияшев.

12 сәуірде Алматыда белсенді Әлнұр Ілияшев 15 күнге әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы белсенді Мұрат Тұрымбетов хабарлады.

Бұған дейін сәрсенбі күні полиция Ілияшевті Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Әлнұр Ілияшев те 9 сәуір күнгі митингіге байланысты ұсталған.

Бұған дейін әкімшілік сот шешімімен мәжіліс депутаттығына экс-кандидаттар Мұхтар Тайжан (Алматыда) мен Лұқпан Ахмедияровты (Оралда) да полиция ұстаған еді. Сот оларды "бейбіт жиын заңын бұзғаны үшін" 15 күнге қамаған.

9 сәуір күні Тайжан мен Ілияшев Алматыда, Ахмедияров Оралда митингіге қатысқан. Наразылық акциясында сөйлегендер Қазақстанда 19 наурызда кезектен тыс парламент пен жергілікті мәслихаттар сайлауы әділ өтпегенін айтып, оның ресми қорытындысына келіспейтінін мәлімдеген.

Your browser doesn’t support HTML5

"Халық парламентінің" рұқсат етілмеген митингісі екі сағатқа созылып, ондаған адам еркін тарқады