Жаңаөзен мұнайшыларымен келіссөз қалай жүріп жатыр?
Your browser doesn’t support HTML5
Астанада наразылық білдірген Жаңаөзеннің жұмыссыз мұнайшыларымен келіссөз бір аптадай уақытқа жалғасты. 20 сәуірде астанада қалған 10 мұнайшының бірі “ҚазМұнайГаз” компаниясының басшылығы келіссөз аяқталды деп мәлімдегенін хабарлады. Еңбек дауы бұдан әрі еңбек министрлігінің өкілдерімен Жаңаөзенде қаралмақ. Азаттық сөйлескен жұмыссыз мұнайшылар өкілі келіссөз қорытындысына разы емес. Екі тарап неге келісімге келе алмады? Келіссөз қалай өтті? Азаттық тәуелсіз кәсіподақ жетекшісі Құспан Қосшығұловпен сұхбаттасты.