Өзбекстан Ресейден 300 мың тонна мұнай сатып алады

Өзбекстанның энергетика министрлігі Ресейдің "Газпром нефть" компаниясымен 2023 жылы 300 мың тонна мұнай импорттау бойынша келісімге келді. Бұл туралы министрлік өкілі Адхамжон Убайдуллаев "Иннопром. Орталық Азия" көрмесінде мәлімдеді.

Үш күндік көрмеге Ресей, Өзбекстан және ТМД-ның өзге елдерінің 300-ге тарта компаниясы қатысып жатыр.

Былтыр желтоқсанда Өзбекстан мен Қазақстан 2023 жылы 300 мың тонна қазақ мұнайын, Қазақстан арқылы тағы осынша көлемде орыс мұнайын жеткізу бойынша келісімге келген. Тараптар газ қоймасын құру мен модернизациялау және Өзбекстанға энергия тасымалдау үшін Қазақстанда көмірмен жұмыс істейтін жылу станциясын салу жөнінде де келіскен.