6 мамыр таңертең Ресей аннексиялап алған Украинаның Қырым аралындағы Красногвардейск ауданында екі рет жарылыс дыбысы естілді, деп хабарлады жергілікті тұрғындар.
"Қырымның солтүстігінде әуе шабуылынан қорғайтын жүйе іске қосылды. Зардап шеккендер мен қираған ғимарат жоқ" деп жазды Қырымдағы ресейлік басшының кеңесшісі Олег Крючков. Әлеуметтік желіде әуеге түтіннің көтерілгені жөнінде видеолар тарады.
6 мамырда Қырым көпірінде "техникалық себептерге" байланысты қозғалыс та тоқтатылған. Кейін қозғалыс қалпына келтірілген.
- Кейінгі кезде аннексияланған Қырымда нысандарға шабуыл жиілеген. Бір апта бұрын Севастопольдегі мұнай қоймасына шабуылды Украина билігі "қарымта шабуылға дайындықтың бір элементі" деп атаған.