9 мамырда Мәскеудегі Қызыл алаңда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 78 жылдығын орай әскери парад өтті. Шараға Ресей президенті Владимир Путиннен бөлек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан президенттері және Беларусь режимінің басшысы Александр Лукашенко, Армения премьері Никол Пашинян қатысты.
Путин парадтағы сөзінде "батыстағы глобалистік элита Ресейге соғыс ашты" деп айыптап, "батыс элитасын нацистерге теңеді". Ресей президенті "батыс Ресейдің құрдымға кетіп, ыдырағанын қалайды" деді.
Путин "Украинаға соғыс ашу арқылы Донбассты қорғап, өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп жатырмыз" деген сөзін тағы қайталады. Ресей басшысы парадтағы сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы емес Украинадағы соғыс туралы көп айтты.
Ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Совет одағының одақтастары атап өтіп, парадқа келген ТМД елдерінің басшыларына алғыс білдірді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Тоқаев Мәскеудегі парадқа неге барды? Соғыс бастаған елге сапардың салдары қандай?Ресей Украинаға соғыс ашқалы екінші рет парад өткізіп жатыр. 8-9 мамырда Ресей Украинаға дрондармен және ракеталармен шабуыл жасады. Мәскеу 3 мамырда Кремльге дрон шабуыл жасалды деп мәлімдеп, оған Украинаны айыптаған. Киев бұл айыптауды жоққа шығарды. Кремльге шабуыл жасалды деген Ресей билігі Мәскеудегі парадты өткізуге шешім қабылдаған.
Биылғы Мәскеудегі парадқа осыған дейінгі шерулермен салыстырғанда екі есе аз техника қатысты және уақыты жағынан қысқа болды. Парадта әскери ұшақтар ұшырылмады және шеру бар болғаны 50 минутқа созылды.
Ресейдің 20 аймағында және аннексияланған Қырымда парад өтпеді.
Ресей билігі кейінгі уақытта 9 мамыр мерекесін саяси мақсатта, соның ішінде Украинаға басқыншылығын ақтап алуға пайдаланып келеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Еуропа комиссиясының басшысы Киевке келді. Ресей Украина аумағын ракеталармен шабуылдады