Бішкектің Бірінші май аудандық соты Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматын 10 жылға соттады.
Тергеудің мәліметінше, ол Украинада Донбасс сепаратистерінің жағында соғысқан.
Үкімде айтылғандай, 30 жастағы айыпталушы Мәскеуде жұмыс істеп жүріп, "Луганск халық республикасының" әскери тобына қосылған. Ол ақшалай сыйақы мен Ресей азаматтығын алғысы келген. Жарты жылдан кейін әскери қызметтен кетіп, Мәскеуге оралған. Ол жақтан отаны Бішкекке қайтып келген.
Айыпталушы сотта тағылған айыпты мойындамады. Ол "ЛХР" аумағында болғанын, соғыс әрекеттеріне қатыспағанын айтқан.
Қырғызстан мен Орталық Азияның басқа да елдері шетелдегі соғыс әрекеттеріне қатысқан азаматтарына қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп келеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Украина үшін соғысып жүрген түркімен азаматы: Мұсылман адам ақиқат жағында болуы керек"Вагнер" тобы қатарына Қазақстаннан адам тартады. Мемлекет неге тосқауыл қоймайды?"Өлген орысты жинау". Мәскеу Орталық Азия мигранттарын Украина жеріне қалай жіберіп жатыр? Қазақстандық студент "Вагнер" қатарына қосылған. Анасы ұлымды соғысқа күштеп әкетті деп отыр"Вагнер" "алып кеткен" Марғұлан Бекеновті үй іші әлі іздеп жатыр