Айыпты деп танып, амнистиямен босатты. Алматыда 25 қаңтаршыға үкім шықты

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты тағы бір процесс аяқталды. Сот 25 адамды да кінәлі деп тапты және бәріне шартты жаза кесті. Сотталғандардың бірі былтыр қаңтар дүрбелеңінде қаза тапқан. Үкіммен келісетіндер де, келіспейтіндер де бар.