Қазақстан Бас прокуратурасы бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің үстінен "қызметіне салғырт қарау я міндетін дұрыс атқармау" фактілері бойынша тексеріс жүргізбек.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, Ильиннің үстінен тексеріс жүргізуге Абай облысындағы орман өрті себеп болған.
– Президент Бас прокуратураға тапсырма берген, соның негізінде тексеріс жүреді. Орманның өртенуі – төтенше жағдай, адам шығыны болды, сондықтан қылмыстық іс кезінде тексеріс болып, неге уақытылы шара қабылданбағаны, салғырттық, қызметін дұрыс атқармау фактілері тексеріледі, – деді министр.
Ахметжановтың айтуынша, Абай облысындағы өрттің шығуына от қою, салғырттық немесе найзағай себеп болуы мүмкін. Министрлікке бұл жағдайды тергеп-тексеруге екі ай уақыт берілген.
Абай облысындағы орман өрті 60 мың гектар жерді шарпып, 14 орманшы қаза тапты. Қазір тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын хабарлады. Өрт шарпуы мүмкін деген ауылдардың тұрғындары Семей қаласына эвакуацияланды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Айнала – тозақ, тегіс өрт". Абай облысындағы ахуал туралы репортаж"Өрт болған жерде экожүйе түп-тамырымен жойылды"Абай облысындағы орман өрті: қаза болғандар 14 адамға жеттіАбай облысындағы өрт түтіні Жетісу облысының төрт ауданы мен Талдықорған қаласына жеткен