Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев мемлекет басшысының туысы ұсталғанын растады.
Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған постында Сұлтанбаев құқық қорғау органдары ұстаған Ұлан Жапаров шынымен ел президенті Садыр Жапаровтың туысы екенін жазды.
"Ол кедендегі мәселелерге қатысты жемқорлық әрекеттерге араласқан деген күдікпен ұсталды. Бұл хабарды естіген соң президент Жапаров күдіктілерге қатысты барлық заңды шара қолдануды талап етті" деп жазды Сұлтанбаев.
Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков Ұлан Жапаровтың жасы 32-екенін, ол Садыр Жапаровтың немере бауырының баласы екенін хабарлады. Оның сөзінше, Ұлан Жапаровты милиция қызметкерлері ұстаған, ол іске жеке кәсіпкерлер мен кеден қызметкерлерінің қатысы бар.
Бішкектің Первомай аудандық сотының баспасөз қызметі Ұлан Жапаровты 26 шілдеге дейін қамауда ұстау туралы сот шешімі 3 шілдеде шаққанын, қазір ол тергеу абақтысында отырғанын хабарлады.