Санкт-Петербург полициясы 8 шілде күні түсте "Листва" кітап дүкеніне барған. Кітап дүкенінде Донецк сепаратистерінің бұрынғы қорғаныс министрі, терроризммен айыпталған Игорь Стрелковпен (Гиркин) кездесу өтуге тиіс болған. Полиция дүкен әкімшілігіне ескерту жасап, кездесу өтетін болса жауапқа тартылатынын айтқан. Полицияның ескертуі кітап дүкенінің телеграм-арнасына жарияланған.
Санкт-Петербургтегі "Листва" дүкенін "Чёрная сотня" баспасы ашқан. Баспа Украинаға басқыншылықты қолдайды және Ресей солдаттарына көмек жинаумен шұғылданады. Стрелковпен кездесуден түскен ақшаны бір бөлігін майданға жіберуге уәде берген. Стрелков кездесуде Евгений Приожин бастаған "Вагнер" жалдамалыларының бүлігі мен Украина шабуылы жөнінде айтып, көрермендер сауалына жауап беруге тиіс болған.
Кітап дүкені полиция ескертуіне қарамастан кездесу өтетінін мәлімдеген. Украинадағы соғысты қолдайтын Стрелков кейінгі кездері Ресей билігін сынауды күшейте түскен. Пригожинді жауапқа тартпағаны үшін Кремльді қатаң сынаған.
Стрелковты былтыр қараша айына Гаагадағы Нидерланды соты 2014 жылы Малайзияның "Бойнг- 777" жолаушылар ұшағын атып түсіргені үшін өмір бойына түрмеге қамау жазасын сырттай белгілеген. Бұл апат кезінде 298 адам өлген. Бұл апат көп зерттеліп, оған Ресей әскері мен Стрелков бастаған сепаратистердің қатысы бар екені дәлелденген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ MH-17 ұшағын атып түсірді деп күдікке ілінген үш адам өмір бойына түрме жазасына кесілді