Колбиннің "Жаңа Қазақстаны". "Егін шықпай қалса ауа райынан көрдік, бітік шықса Қонаевтың еңбегі дедік"
Your browser doesn’t support HTML5
1987 жылдың көктемінде Қазақстан басшысы Геннади Колбин жиын өткізіп, Қонаевтың кезінде күшейген тамыр-таныстық, жағымпаздық, жемқорлықты жою керек деген ұран тастайды. Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің төрағасы Саламат Мұқашев «Қазақстандағы жақсылық атаулының бәрі бір адамның қолымен істеліп жатыр деп келдік. Оны «астананың бас архитекторы», барлық бірегей объектілердің авторы деп атадық» деп Қонаевтың «жеке басына табынуды» айыптайды. Оған Нұрсұлтан Назарбаев, Еркін Әуелбековтер қосылады, Қуаныш Сұлтанов Қонаев кезіндегі қателіктерін мойындайтынын айтады.