Шойгу Украинаға кассеталы бомбамен қоқан-лоқы жасады

Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Николай Патрушев пен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинаға кассеталы оқ-дәрі жеткізілетін болса, Ресей әскері ондай қаруды ұрыс алаңында қолдана бастайтын болады деп мәлімдеді.

Шойгу мұны "мәжбүрлі жауап шара" деп атап, Ресейдің қазір "бейбіт халық зардап шекпес үшін кассеталы оқ-дәрі қолданудан тартынып отырғанын" айтты.

Украина билігінің сөзіне қарағанда, Ресей Украинаға жаппай басып кіргелі кассеталы оқ-дәріні әлденеше рет қолданған. Мәскеу мұны терістеп отыр.

  • Шілденің басында АҚШ құны 800 миллион долларға тең әскери көмек пакетін беретінін жариялаған. Оның ішіне кассеталы оқ-дәрі де кіреді. Кей елдің басшылары, арасында Ұлыбритания да бар, бұған алаңдаушылық білдірген, өйткені кассеталы оқ-дәрінің жаппай қырып-жоятын мүмкіндігі бар. Ұлыбритания кассеталы оқ-дәрі өндірісі мен қолданысына тыйым салатын халықаралық конвенцияға қол қойған 123 елдің бірі.
  • АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Украина қарулы күштері кассеталы оқ-дәріні өз халқына зиян тимейтіндей етіп өз жерінде қолданатын болады және қатаң қадағаланады" деген уәж айтқан