Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған генерал Күдебаевқа "елден заңсыз шыққаны үшін" тағы жаза қосылды

Серік Күдебаев

Бұған дейін Қаңтар оқиғасы бойынша сотталған Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың жазасына тергеу кезінде елден қашқаны үшін тағы алты ай қосылды. Үкім шыққанға дейінгі қамауда отырған мерзімі ескерілгендегі жаза мерзімі 10 жыл 3 айға шықты.

Кеген аудандық сотындағы соңғы сөзінде Серік Күдебаев кінәсін мойындап, айыппұлмен шектелуді сұраған.

Биыл көктемде сот процесі жүріп жатқанда Серік Күдебаевтың елден шығып кетіп, сотқа келмегені мәлім болған. Кейін Күдебаевты Түркиядан ұстап әкелген. Қазақстанның шекара қызметі "Серік Күдебаев Қырғызстанға тау арқылы өтіп кеткен" деген уәж айтқан.

28 сәуірде Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптаулар кезінде қызмет өкілетін асыра пайдаланды деген айыппен 10 жылға сотталып, мемлекеттік наградалары мен полиция генерал-майоры шенінен айырылған.

Тергеу материалдарына қарағанда, Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде "полиция департаментінің ғимаратын тастап кеткен және азаптауларды ұйымдастырған".

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Күдебаевқа үкім шықты. Ол бірнеше күн бұрын Түркиядан елге жеткізілген

Your browser doesn’t support HTML5

Істі болып, елден қашқан генерал Күдебаев кім?