Ақкенттегі өртте бір адам қаза тапты. Ондаған отбасы далада қалды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы Ақкент шағын ауданындағы өрт шыққан тұрғын үйдің жүздеген адамы күні бойы далада жүр. Маңайды полиция қоршап, адамдарды үйіне кіргізбейді. 1 шілдеде мұнда үй өртеніп, бір адам қаза тапты. 43 адам жапа шеккен. Арнайы комиссия өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.