АҚШ Украинаға "Абрамс" танкісінің алғашқы партиясы жіберілетінін ресми түрде мәлімдеді

"Абрамс" танкісі

АҚШ Украинаға "Абрамс" танкісінің алғашқы партиясы жіберілетінін ресми түрде мәлімдеді. Мұны дүйсенбіде өткен брифинг кезінде АҚШ әскерін жабдықтау қызметінің басшысы Даг Буш айтты. Оның сөзінше, алғашқы танкілер Украинаға биыл күздің басында жетеді.

"Енді оны Еуропаға, әрі қарай Украинаға оқ дәрі, қосалқы бөлшектерімен қоса аттандыру керек", - деді Буш.

Алғашқы партиямен қанша танкі баратынын айтқан жоқ. Бұған дейін Politico алғашқы партияда сегіз танкіге дейін болатынын хабарлаған.

АҚШ Украинаға барлығы 31 "Абрамс", яғни бір танкі батальонын беруді көздеп отыр. Украина танкисттері "Абрамсты" пайдалануды Германияда үйреніп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Путин Украинаға танк бергендерге Ресейден "жауап болатынын" айтты