Ұрып-соққанға көну я түрмеге түсу. Күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелдің оқиғасынан не сабақ алдық?
Your browser doesn’t support HTML5
Айы-күні жетіп отырған павлодарлық келіншек өзіне пышақ ала жүгірген күйеуін өлтірді деп айыпталып, сотқа тартылды. Оқиға отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне тағы назар аудартты. Агрессор күйеуінен қорғану үшін әйел не істеуі керек? Психолог және заңгермен осы жайттарды сөз еттік.