Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Мәскеуге дрон шабуылы көбейген тұста Ресейге ұшатын қазақстандық әуе компанияларға "қауіп-қатерлерді бағамдау бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы нұсқаулық жіберген".
"Бақылау нәтижесінде жолаушылар мен әуе кемелеріне белгілі бір деңгейде қауіп-қатер бар. Сондықтан Қазақстанның жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниялары мен чартерлік компанияларына қауіптерді бағалау жөнінде және сол қауіп-қатерлер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін нұсқаулық жібердік" деді Азаттыққа Қазақстанның бас авиациялық инспекторы Дәулетбек Әділбекұлы.
Бас авиациялық инспектордың сөзінше, бұл қауіп-қатер "негізінен ұшқышсыз ұшу аппараттарынан болып тұр".
Кейінгі уақытта Ресей аумағына, соның ішінде Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысына дрон шабуылдары жиілеген. Мәселен, бүгін 31 тамызда Мәскеу билігі қалаға ұшырылған дрондар құлатылғанын мәлімдеді. Дрондар шабуылынан соң қалада 130 рейс уақытша ұшпай қалды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресейдің Киевке шабуылынан екі адам қаза тапты. Украина Псковтағы аэродромды шабуылдадыРесей бұл дрон шабуылдарына Украинаны айыптайды әрі дрондардың көбін құлатқанын хабарлайды. Украина шабуылдарға қатысты ресми мәлімдеме жасамайды.
Қазір Қазақстан мен Ресей арасында қазақстандық SCAT және Qazaq Air компаниялары, ресейлік Аэрофлот, Азимут, Red Wings компаниялары ұшады.
Қазақстаннан Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Ақтау, Атырау қалаларынан Ресейге рестер бар. Ал Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Қазан, Омбы, Уфа, Жуковский, Самара, Сочи, Минеральные Воды, Грозный, Махачкала, Астрахань, Красноярск, Төменгі Новгород қалаларына Қазақстаннан ұшақтар қабылдайды.
Мәскеуге SCAT және Аэрофлот компаниялары ұшады.
ВВС-дің ақпараты бойынша, биыл Ресей мен аннексияланған Қырым аумағына дрондардың 190 шабуылы жасалған.
Былтыр қыркүйекте Ресей БҰҰ-ның авиациялық агенттігі - Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) кеңесіне кірмей қалған. ICAO Ресейге ұшу қауіпті деп ескертіп, бұл елге "қызыл белгі" қойған.
Your browser doesn’t support HTML5