Танымал шебер ауыл әйелдеріне киіз басуды үйретіп жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

Орал қаласында оннан аса әйел қолөнер шебері Айжан Бекқұловадан киіз басуды үйреніп жатыр. Шебер бес күндік сабағына тұрмысы төмен, көп балалы және мүгедектігі бар әйелдерді іріктеп алған. Бекқұлова "мақсатым — әйелдерге сенімділік сыйлап, жаңа кәсіп бастауға дем беру" дейді.