Германия Украинаға құны 400 млн еуро болатын әскери көмек беретінін мәлімдеді. Аталған көмек аясында Украина "Гепард" танкілері, IRIS-T зениттік-ракета кешені, MRAP бронды машинасының 200 данасын алады. Әскери пакет аясында Киевке 155 мм артиллериялық жүйе, минометке арналған оқ-дәрі, AT-2 миналық ракеталары да беріледі.
Бұған қоса, Украинаға қыста жүретін әскери техника, бұған дейін жеткізілген техникаға арналған бөлшектер, көлік құралдары мен 50 дрон жеткізіледі.
Германия украин әскерін оқытуды тоқтатпайды.
"Жылдың соңына дейін 10 мың украин әскери қызметкері оқуын аяқтайды. Қазіргі кезде басшылық құрамды: топ, взвод, рота командирлерін дайындауға баса назар аударылып жатыр " деп жазылған Германия қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Әскери көмек туралы шешім "Рамштайн" форматында өткен 15-отырыстың нәтижесінде қабылданды. Қазіргі кезде Украинаға көмек беру жағынан Германия Еуропада – бірінші орын, әлем бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.