Жамбыл облысындағы әскери жаттығуда Ұлттық ұланның үш офицері жараланған

Көрнекі сурет

Жамбыл облысындағы әскери жаттығу кезінде Ұлттық ұланның үш офицері жараланған. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат құралдары - КТК мен Tengrinews.kz хабарлады.

Бұл ақпаратқа қарағанда, офицерлердің жанында 82 миллиметрлік снаряд жарылған. Тараз әскери полициясы қылмыстық іс қозғаған.

"Жараланғандар - Шымкент әскери бөлімінің қызметкерлері. Кейбірінің аяғы сынған. Бұл оқиға 30 қыркүйекте мәлім болды. Ұлттық гвардия баспасөз қызметінің КТК тілшісіне айтуына қарағанда, 25 қыркүйекте "Айша бибі" полигонында жоспарлы әскери дайындық өткен,- деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Дала қыраны" енді ұшпай ма? Қазақстан АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығу өткізуді неге тоқтатты?