Әкесін мақтап, баласына жағыну ма? Алматыда Тоқаев атында аудитория ашылды

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда биыл президенттің әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына билік айрықша назар аударды. Туған жерінде ас берілді, халықаралық деңгейде конференция ұйымдастырылды. Ал бүгін, 4 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тоқаев атында аудитория ашылды.