Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаны атқылауын тоқтатпады. Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің жетекшісінің хабарлауынша, 21 елді мекен атқылауға ұшыраған. 46 жастағы әйел мен 71 жастағы ер адам өлген. Тағы екі адамға медициналық көмек көрсетілген.
Херсон мен оның маңында 11 адам зардап шеккен, арасында 9 айлық нәресте де бар. Қызыл Крест ұйымының медбикесі жараланған.
Харьков облысында көп қабатты тұрғын үй мен көліктер атқылауға ұшыраған. Екі бейбіт тұрғынға дәрігерлер көмегі қажет болған.
- Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарға ғана соққы жасайтынын айтқан. Бейбіт азаматтардың қаза болуы мен азаматтық нысандардың қирауына қатысты Ресей жағы түсініктеме бермей келеді.