Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атанды

Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлады қазақстандық спорт сайттары. Ол АҚШ-тың Техас штатындағы Розенбергте өткен турнирде қарсыласы неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев X (бұрынғы Twitter) желісінде Жәнібек Әлімханұлын "керемет жеңісімен" құттықтады.

30 жастағы Жәнібек Әлімханұлы былтыр 5 мамырда британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа құлатып, әлем чемпионы атанған. Бірнеше айдан кейін де ол осы атағын сақтап қалды.