Шымкенттегі ықшам ауданға егілген көшеттің 70 пайызы қурап қалған

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкенттегі "Шымсити" атты жаңа ықшам ауданға былтыр егілген бес мыңға жуық көшеттің 70 пайызы қурап қалған. Жергілікті әкімдік мәселе ағаш отырғызу технологиясының сақталмауынан көреді. Белсенділер бұған келіспейді. Олар "бюджеттен қыруар қаржы жұмсалған іске билік салғырт қарады" деп наразы.