Атыраудағы наразылық, Шымкенттегі қаза, несиеге батқан халық - AzatNews | 27.10.2023

Your browser doesn’t support HTML5

- Атырауда ондаған әйел жергілікті әкімдікке барып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы талап етіп, наразылық білдірді. Олар жиналуға 25 қазан күні Аягөзде өрттен қаза тапқан төрт бүлдіршіннің өлімі себеп болғанын айтады. - Шымкентте бір шаңырақтың бес адамы газдан уланып көз жұмғаны хабарланды. Алдын-ала ақпарат бойынша, марқұмдар - үш бала мен олардың ата-анасы. - Биліктің есебінше, халықтың 84 пайызында несие бар. Кейінгі бір жарым жылда олардың саны 27 пайыз көбейген. Экономист тұрмысы төмен тұрғындар бір кредитті екінші кредитпен жабуға мәжбүр дейді.