БАҚ: Жоғалған 46 шахтердің де мәйіті табылған

30 қазан күні таңертең жергілікті БАҚ Қарағанды облысының Костенко атындағы шахтасындағы апатта жоғалған шахтерлардың соңғысының денесі табылғанын хабарлады.

HOLA News жазуынша, өлген шахтердің соңғысы табылғанын оның туыстары айтқан. Әзірге төтенше қызмет ресми түрде растаған жоқ.

Кеше "45 шахтердің мәйіті табылды, 1 кенші іздестіріліп жатыр" деген ақпарат тараған.

28 қазанға қараған түні болған апат кезінде 252 шахтер жер астында қалған. 206 шахтер өз бетімен жер үстіне шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан өрт шығуы себеп болған.

Қаза болған кеншілердің денесін тану мүмкін болмағандықтан ДНҚ-сараптамасы жүргізілетіні, туыстарынан қан алынатыны хабарланған.

Бас прокуратура "Тау немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы (277-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Күнде өліммен бетпе-бет келеді". Қара жамылған Қарағанды