Макроннан араша сұрамақ болған белсенділердің акциясы өтпеді
Your browser doesn’t support HTML5
1 қараша Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапары күні "Алға, Қазақстан!" қозғалысының белсенділері Астанадағы Франция елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған. Хабарландыруды олар әлеуметтік желіге күні бұрын таратқан. Бірақ елшілік алдында күзет күшейтіліп, акцияға рұқсат етілмеді.