Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі 7 қарашада заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша 10 айда жасалған жұмысын көрсететін ақпарат таратты. Бұл ақпаратқа қарағанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі мыңнан аса қылмыстық істі сотқа жіберіп, мемлекетке келтірілген 282 миллиард теңге шығынды қайтарған.
"2022 жылдан жылдан бастап бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 857 млрд теңге сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Оның ішінде 159,8 млрд теңгесі шетелдік юрисдикциялардан түскен ақша қаражаты түрінде. Бұл сома мемлекет бюджетіне түсті" дейді жемқорлықпен күрес қызметі.
Ведомство жазуынша 36,8 миллиард теңге Австриядан, 116,7 миллиард теңге Лихтенштейннен, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 6,3 млрд теңге, Түркиядан – 253 миллион теңге қайтарылған.
Жемқорлықпен күрес қызметі жариялаған видеода Дубай, Мәскеу, Австрия, Лихтенштейндегі қымбат пәтерлер мен Алматы мен Астанадағы бизнес-центрлер мен қонақ үйлер көрсетілген. Бірақ ол нысан иелерінің аты-жөндері аталмаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Елден заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы заң жобасы мәжіліске түсті. Активтерді жинақтайтын қор құрылады