Астанада әйел ауыр соққыдан көз жұмды. Күдікті – экс-министр Бишімбаев

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстандық ақпарат құралдары "экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді" деп ақпарат таратып жатыр. Астана полициясы күдіктінің ұсталғанын, "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, бірақ ешкімнің аты-жөнін жарияламады. Ішкі істер министрінің орынбасары күдіктінің Бишімбаев екенін жоққа шығармады.