Израиль "Әл-Шипа" ауруханасының астынан туннель табылғанын хабарлады

Газа ауруханасына кірген Израиль солдаттары

Қарашаның 19-ына, жексенбі күні Израиль билігі видео жариялап, онда көрсетілген туннельдің Газадағы "Әл-Шипа" ауруханасы астынан табылғанын хабарлады.

Бірнеше күн бұрын Израиль әскері әскери операция кезінде "Әл-Шипа" ауруханасының аумағына кірген болатын.

Бұл хабарға қарағанда, Израиль инженерлері аурухана астынан тереңдігі 10 метр, ұзындығы 55 метр, жарылысқа шыдас беретін қалың есігі бар туннель тапқан. "Мұндай есіктерді ХАМАС жер астындағы командалық пункттеріне пайдаланады", - дейді видеода.

"ХАМАС Газа секторында жүздеген шақырымға жететін жер асты туннельдері мен бункерлері бар екенін мойындайды, бірақ олардың аурухана астына салынғанын теріске шығарады" деп жазады Reuters.
"Әл-Шипаның" астында ХАМАС нысандары жоқ екенін медициналық орталық қызметкерлері де мәлімдеп отыр.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар бойынша үйлестірушісі Джон Кирби ХАМАС-тың "Әл-Шипаны" командалық пункт және қойма ретінде пайдаланғанын растайтын барлау мәліметтері бар екенін өткен аптада мәлімдеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Washington Post: Газада бес күнге соғысты тоқтату туралы алдын ала келісім жасалды
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Израиль Газа секторындағы операцияның жаңа кезеңіне өтетінін хабарлады