Лондонда мыңдаған адам антисемитизмге қарсы шеруге шықты

Лондондағы шеру. 26 қараша 2023 жыл

Жексенбі күні Лондонда өткен антисемитизмге қарсы шеруге ондаған мың адам қатысқан.

Ұйымдастырушылар шеру кезінде Еуропа қалаларында, соның ішінде Лондонда жүрген палестиналықтарға да қолдау білдірген. Мұнан бұрын Израильдің Газадағы әскери операциясына қарсылық білдіріп, Лондонда 45 мыңға жуық адам митингіге шыққан еді.

Жексенбі күні шерулеткен Лондон тұрғындары "Британ еврейлерімен біргеміз" және "Антисемитизмге төзім болмасын" деген плакаттар ұстап шыққан. Оның ішінде ХАМАС тобы кепілге әкеткен Израиль азаматтары бейнеленген плакаттар да бар.

Reuters агенттігі Лондон полициясы қазан айының өзінде антисемитизмді білдіретін 554 қылмыс туралы хабар алғанын жазған. Былтыр бұл уақытта мұндай қылмыс қырықтан сәл ғана асқан.

Ресми статистикаға қарағанда, исламға қарсы қылмыстар да үш есе көбейген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Францияда өткен антисемитизмге қарсылық шеруіне 200 мыңнан астам адам қатысқан