АҚШ пен Еуропа одағы террор ұйым деп таныған ХАМАС пен Израиль соғысыныдағы гуманитарлық үзіліс тағы екі күнге ұзартылды. Бұл жөніне келіссөзге қатысып жүрген Катар сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлады. Мұны ХАМАС өкілі де Reuters агенттігіне растаған. Әзірге Израиль тарапынан ресми түрде жауап жоқ. Бұған дейінгі келісім бойынша үзіліс сейсенбі күні таңертең аяқталуға тиіс.
Үзілістің ұзарғаны ХАМАС кепілге алып отырған Израиль мен шетел азаматтарын көбірек босатуға мүмкіндік береді. Тағы екі күнде ХАМАС күн сайын 10 адамнан босатады. Израиль оған жауап ретінде террорқа қатысы бар деген айыппен түрмеде отырған палестиналықтарды шығарады. Мұнан өзге үзіліс кезінде Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік туады.
Израиль ХАМАС-пен тікелей келіссөз жүргізіп отырған жоқ. Қазір оларға Катар, Египет, кейде АҚШ ара ағайын болып жүр.
- Өтен аптаның жұмасында басталған төрт күндік гуманитарлық үзіліс кезінде ХАМАС 58 кепілді босатты. Оның ішінде Израиль әйелдері мен балалары және шетелдіктер бар. Израиль оған жауап ретінде 100-ден астам палестиналық тұтқынды түрмеден шығарды.
- Израиль мұның үзіліс екенін, бітім еместігін және үзіліс аяқталған соң Израиль әскері Газа секторында ХАМАС-ты толық жоюға қайта кірісетінін әлденеше рет мәлімдеген.