Индонезияның Суматра аралындағы Марапи вулканының кратерінен дүйсенбі күні 11 альпинистің денесі табылған. 12-алпинистің денесі іздестіріліп жатыр. Мұны Би-би-си мен "Евроньюс" хабарлады.
Вулкан жексенбіде атқылай бастаған. Одан бір күн бұрын 75 альпинист тауға шыққан. Көпшілігі құтқарылған. Кейбірі күйікпен ауруханаға түскен.
Мурапи вулканының биіктігі үш мың метрге жуық, БАҚ хабарына қарағанда түтіні мен шаңының биіктігі тағы үш шақырымға жеткен. Альпинистер вулкан атқылайтынын күтпегенге ұқсайды.
Мурапи вулканы - Индонезиядағы 127 вулкан ішіндегі ең көп атылатын вулкандардың бірі, сондықтан альпинистер арасында көбірек танымал. Ол жерде биыл қаңтардан ақпанға дейін вулкан атқылаған, оған шығатын жолдардың бірінің күлі мен шаңы маусымда ғана тазалынп болған. Мурапи вулканында 1979 жылы 60 адам өлген.