Германия Украинаға жаңа әскери көмек береді. Пакетте өзге жабдықтардан бөлек, он VECTOR барлаушы дроны бар. Бұл жөнінде Германия үкіметінің сайты хабарлады.
Барлаушы-дрондардан бөлек, жаңа пакетте:
- 70 дана MGW автоматты гранатомет,
- 30 дана GMG гранатомет,
- 1000 артиллериялық оқ-дәрі (155-мм калибрлі),
- 1 дана LUNA NG барлау кешені,
- 6 дана патрульдік шекара көлігі,
- 8 дана Zetros маркалы жүк көлігі,
- 100 000 дана дәрі-дәрмек қорабы бар.
2 желтоқсанда Германия үкіметі Украинаға дрон анықтайтын құралдар, артиллериялық оқ-дәрі, винтовкалар мен оларға арналған оқ, әскери техника беретінін мәлімдеген.
Украинаға көмек көлемі жағынан Германия АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Германия үкіметінің мәліметінше, Ресей басқыншылығы басталғалы бері Германия Украинаға шамамен 24 млрд еуро әскери көмек берген. Ол Киевке гуманитарлық көмек, тікелей төлем және қару-жарақ түрінде берілді.