Украинаның қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Өзбекстанның "Фотон" компаниясына санкция салды. Бұл жөнінде Украина президентінің кеңсесі хабарлағанын Азаттықтың Өзбек қызметі жариялады.
Владимир Зеленский мұндай жарлыққа 7 желтоқсанда қол қойған. Украина қауіпсіздік қызметінің ұсынысы бойынша 181 жеке тұлға мен 185 заңды тұлғаға шектеу енгізілген.
Санкцияға Өзбекстанның электроникамен шұғылданатын "Фотон" зауыты мен зауыттың 67 жастағы иесі Марифходжа Сайдумаров ілінген.
Санкция салынған тұлғалардың активтері, сауда және транзит операциялары бұғатталады. Санкция 10 жылға салынған.
Шілде айының басында Өзбекстанның мемлекеттік активтерді басқару агенттігі "Фотон" зауытындағы мемлекет үлесін сатып алуға өтініқабылдайтынын жариялаған. Сатылымға компания акциясының 85,6%-ы шығарылатын болған.
"Фотон" зауыты 1941 жылы Ресейден көшірілген. 1995 жылы акционерлік қоғамға айналып, "Узэлтехсаноат" холдингінің құрамына кірген.
Қазір кәсіпорын радиоэлектронды аппаратқа арналған микросхемалар мен әртүрлі электр техникалық өнімдер шығарады. Бұған дейін Ұлыбритания Өзбекстанның Mvizion компаниясына санкция салған.