Қостанайда бір қабатты үй жарылған. Үйінді астында жеті адам болуы мүмкін

Қостанай облысының картасы

Қостанай қаласында бір қабатты тұрғын үй жарылған. Құтқарушылардың мәліметіне қарағанда, үйінді астында жеті адам болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда, тұрғын үй Энергетиктер көшесінде орналасқан. Бұл аумақта бастапқыда "газ жарылысы естілген, сонан соң бір қабатты үй құлаған".

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментіның оқиға болған жерден тараған кадрларынан қираған үй мен өртенген техника көрінеді.