Путиннің жарлығы, Сатыбалдының тәртібі, Сембайдың соты - AzatNEWS | 19.12.2023

Your browser doesn’t support HTML5

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Беларусь және Молдова тұрғындарына азаматтық беруді оңайлатты. Өтініш тапсырған қазақстандықтардан орыс тілі ғана сұралады. // Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының түрмеден ертерек босату туралы өтінішін Шығыс Қазақстан облысының соты орындамады. Сот шешімінде оның түрмеде тәртіп бұзғаны туралы айтылған. // Азаматтық белсенді Асқар Сембай 6 жылға сотталды. Оны "ҚДТ қозғалысының жұмысына (Қазақстан билігі қозғалысты 2018 жылы "экстремистік ұйым" деп таныған ) араласты" деп соттады.