Киевте атып түсірілген дронның бөлшектері тұрғын үйге түсті

Киев мэрі Виталий Кличко

22 желтоқсанда Украинаның бірқатар облыстарында камикадзе-дрондардың шабуылына байланысты әуе дабылы іске қосылды. Киевте жарылыс болғаны жөнінде хабар тарады. Әуе қорғаныс жүйесі Соломен ауданында дронды атып түсірген, дронның бөлшектері тұрғын үйге құлаған. Мұны Киев мэрі Виталий Кличко да растады.

Киевте жарым түнде Соломен ауданында дрон бөлшектерінен бүлінген үйдің жоғарғы қабатында өрт шыққаны хабарланды. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметінің жасағы жұмыс істеп жатыр.

Кемінде екі адам жарақаттанған, оларға дәрігер көмек берген. Бірі ауруханаға жеткізілген.

Жұмаға қараған түні Дарницк ауданында да жеке үйге дрон бөлшектері түскені жөнінде хабар тарады. Қала әкімшілігі дрон бөлшектері Голосеев ауданына түскенін айтты. Толық салынып бітпеген екі қабатты үйдің екінші қабатындағы бөлмеде өрт шыққан. Аумағы 20 шаршы метр болатын өрт оқшауланған. Зардап шеккендер жоқ.