Өзбекстанның бұрынғы президенті, марқұм Ислам Каримовтің жиен немересі Мариям Тилляева ресейлік блогер Настя Ивлееваның "жалаңаш кешіне" барғанын мойындап, мұны "қате әрекет" деп атады.
"Мен жаңылдым. Шын мәнінде Настя Ивлееваның туған күніне барамын деп ойладым. Олар маған осылай айтты" деп жазды Мариям Тилляева блогында.
Бірақ Тилляева "шара қызық болғанмен ол жерде көп болмағанын" айтты.
Тилляева шараны ұйымдастырушыларды сыйлайтынын, бірақ бұл оның дініне және сеніміне келмейтін формат екенін білдірді.
21 желтоқсанға қараған түні Мәскеудегі Mutabor клубында блогер Настя Ивлеева жартылай жалаңаш дресс-кодпен кеш өткізген. Қонақтардың арасында Ксения Собчак, Филипп Киркоров, Дима Билан, Лолита Милявская, Алена Водонаева, Жиган және басқа көптеген ресейлік шоу-бизнес өкілдері болған.
Ресей басылымдары жазғандай, кеш Playboy журналының көрмесі үшін арналған. Көптеген жұлдыздар жартылай жалаңаш келген. Кеш кезінде түсірілген видеолар интернетте тарап, жанжал шығып, ресми айыптаулар болды.
Мәскеудің Хамовнический сотына блогер Настя Ивлееваға қарсы арыз түсті. Олар Ивлеевадан бір миллиард рубль өтемақы талап етіп жатыр.
Тележүргізуші әрі блогер Настя Ивлееваны салық қызметі тексере бастады.