Украина мен Венгрия Зеленский мен Орбанның кездесуіне дайындалып жатыр

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.

Украина мен Венгрия Владимир Зеленский мен Виктор Орбанның кездесуіне дайындалып жатыр. Украина президентінің кеңсе жетекшісі Андрей Ермакқа сүйенген Reuters кездесу жуық арада болатынын жазды.

Бұған дейін желтоқсанда ЕО елдері (Венгриядан басқасы) Украинаны ЕО-ға мүшелікке алу бойынша келіссөз бастауға келіскен еді. ЕО басшылары Орбанның негатив ұстанымын айналып өте алған. Шешім қабылданып жатқан шақта Венгрия премьер-министрі отырыс залынан шығып кеткен.

Алайда Еуроодақтың бюджеті қайта қаралып, Киевке 50 млрд еуро жіберу мәселесі талқыланған кезде ЕО жетекшілері Орбанның ветосына қарсы тұра алмады. Орбан Киевке берілетін қаржы ЕО бюджетінен алынбауы тиіс деген ұстанымда болған.

Бұған дейін Владимир Зеленский одаққа мүше елдер мәселерді талқылауы үшін конструктивті кездесуге жиналуы керек деген. Кейін Орбан шақыруды қабылдағанын растады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ FT: ЕО Венгрияның келісімінсіз Киевке қаржылай көмек көрсетуді жоспарлап отыр