Ресей қорғаныс министрлігі әуе қорғаныс жүйесі аннексияланған Қырымда төрт украин ракетасын атып түсіргенін хабарлады.
Ресей қорғаныс ведомствосының мәліметінше, шабуыл 6 қаңтарға қараған түні сағат бірлер шамасында жасалған. Дәл осы уақытта Қырым көпірінде қозғалыс бір сағатқа тоқтатылды. Ракета соққысы жөнінде толық ақпарат айтылмайды.
Украинаның телеграм-арналары Қырымның Евпатория және Новофедоровка аудандарында ондаған жарылыс болғанын жазды. Онда Саки әскери аэродромы орналасқан.
6 қаңтарда таңертең Украина қарулы күштерінің қолбасшысы Николай Олещук телеграмда Украина әскері Саки аэродромындағы командалық пунктіге соққы жасағанын жазды.
Ресей жағы ақпаратқа түсініктеме бермеді.