Қазақстан бас прокуратурасының сотқа дейінгі тергеуі Ұлтттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің үстінен қозғалған іс бойынша тергеуді аяқтаған. Бұл жөнінде мемлекеттік Kazinform агенттігі тиісті веомствоға жіберген жауабы бойынша хабарлады.
Іс сотқа жіберілген. Ақпаратқа қарағанда, "қылмыстық істе мемлекеттік құпия бар".
Бұл іс бойынша Самат Әбіш "билігі мен өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікке ілінген. Күдікті ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен Қазақстанда жүр.
- Самат Әбіш Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған. 2022 жылы маусымда журналистер сұрағына жауап берген бас прокуратура өкілі "Самат Әбіш әлдебір іс бойынша тергеу аясында" екенін меңзеген. Былтыр шілденің соңында Самат Әбіштен "Кәрім Мәсімов пен оның айналасындағы өзге де лауазымды тұлғалар ісі" бойынша жауап алынғаны туралы хабар тараған. Ол кезде ведомство Самат Әбіштің тек қана "куәгер" екенін алға тартып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалмағанын мәлімдеген.
- 2023 жылы қыркүйекте Самат Әбіш Қылмыстық кодекстің "Лауазымын асыра пайдалану" бабы бойынша күдікті болғаны туралы хабар тараған.