Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 3-ракеткасы) Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Australian Open турнирінің екінші кезеңіне шықты. Ол Мельбурнда өтіп жатқан доданың алғашқы айналымында әлемнің бұрынғы бірінші ракетакасы болған чехиялық Каролина Плишкованы (38) жеңді.
Бірінші сетте есеп 6:6 болып, сет тайбрейкте жалғасты. Рыбакина тайбрейте 3:6 есебімен жеңіліп жатып, 8:6 есебімен жеңісті жұлып алды. Ал екінші сет 6:4 есебімен аяқталды.
Рыбакина екінші айналымда ресейлік Анна Блинковамен (57) ойнайды.
Рыбакина қаңтардың басында Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 турнирін жеңген еді. Ол финалда әлемнің 2-ракетасы Арина Соболенкодан (Беларусь) 6:0, 6:3 басым түскен.
Сарапшылар Рыбакина, Соболенко, әлемнің бірінші ракетасы Ига Швентек (Польша) және америкалық Коко Гауфты биылғы Australian Open жарысының фавориті санайды. Былтыр екеуі осы турнирдің финалында ойнап, Соболенко жеңген еді.
Ресейде туып, кейін Қазақстан азаматтығын алған Рыбакина 2022 жылы Grand Slam жарыстарының қатарына енетін Уимблдон додасында ұтқан.