Ұлытау облысында киік атқандармен төбелескендерге ауыл араша сұрап отыр
Your browser doesn’t support HTML5
Ұлытау облысында киік атып жүрген қорықшылар мен ауыл тұрғындары арасында жанжал шығып, төрт азамат тергеу изоляторына қамалды. Жергілікті полиция "олар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін" деп мәлімдеді. Ауыл тұрғындары қамауда отырғандарға араша түсіп, босатуды сұрап жатыр.